Ақтау тұрғыны қойды шанамен сырғанатуға мәжбүрлеген

Қойды шанамен сырғанатуға мәжбүрлеген сәт бейнеленген кадрлар әлеуметтік желілерде таралып, қолданушылар арасында резонанс тудырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 видеодан кадр 1 Наурыз 2025 2025, 13:32
1 Наурыз 2025 2025, 13:32
1382
Фото: видеодан кадр

Қойды шанамен сырғанатуға мәжбүрлеген сәт бейнеленген кадрлар әлеуметтік желілерде таралып, қолданушылар арасында резонанс тудырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Біреулер бұл видеоны күлкілі деп қабылдаса, енді біреулер жануарға деген мұндай қарым-қатынасты орынсыз деп санап, оқиғаға қатысы бар адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуды талап етті.

Instagram-да таралған кадрларда ер адам қошқарды өзімен бірге шанаға отырғызып, төбеден сырғанамақ болғаны көрінеді. Алайда жануар құлап, қашып кетуге тырысады, бірақ оны қайта ұстап, шанаға отырғызады. Сондай-ақ, видеода төбеден сырғанап келе жатқан адамдардың құлап жатқан малға соқтығысқан сәттері де бар.

Қошқарды төмен сырғанатып жіберді де, оны ұстап алған адам өзіне ала берсін, – деп айтыпты оқиғаны көргендер.

Ақтау тұрғыны Аделина Рахметова өзінің жеке блогында бұл әрекетті қатаң сынға алып, бірнеше жазба жариялады.

Наверх