Ақтау қаласында 101 жастағы кейуана тұрады

8 Наурыз 2023, 16:25
824
Бөлісу:
Ақтау қаласында 101 жастағы кейуана тұрады
Фото: автордан

Көктемнің шуақты мерекесінде ғасырдан асқан ананы бала-шағасы түгел құттықтап келді. Бұл – отбасының жыл сайын көрсететін құрметі. Әжей 101-ші көктемін қарсы алды, деп хабарлайд BAQ.KZ-тің Маңғыстау өңіріндегі тілшісі. 

Қанаш Жарылғасова – тыл ардагері. Соғыс жылдары талмай еңбек етіп, 9 бала тәрбиелеген аяулы ана. Қазір олардан тараған 155 немере-шөбересі бар. Зейнетке дейін шағын ауылда санитарлық-бақылау бөлімшесінде жұмыс істеген. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң тұрмысқа шығып, 6 ұл бен 3 қыз тәрбиелеп өсірген.    

Ақтау қаласында 101 жастағы кейуана тұрады

Қазір олардан тараған 155 немере-шөбересі бар. Зейнетке дейін шағын ауылда санитарлық-бақылау бөлімшесінде жұмыс істеген. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң тұрмысқа шығып, 6 ұл бен 3 қыз тәрбиелеп өсірген.    

Менің жасымды берсін. Еліміз аман, тыныш болсын. Балаларымыз аман болсын. Мүдірмесін, бәрінің де ойлағаны болсын, – дейді кейуана.

Ғасырдан асса да кейуананың қимылы ширақ. Қазақтың салт-дәстүрін берік ұстанады. Кенже ұлдың қолында, қара шаңырақтың төрінде отыр. 

Қазір де менің қолымда ғой. Міндетті түрде таза бір стақан шұбат ішеді. Бірде құлап қалған еді, мен аяғы сынған шығар деп едім. Дәрігерлер жоқ, бұл кісіде кальций өте көп екен деп айтты. Сонымен жазылып кетті. Осы күнге дейін бұл кісінің бір басы ауырса қан қысымые өлшесек, қалыпты болады, – дейді келіні Жамиға Тілегенова.

Қанаш әжей отырған қара шаңырақтан мейман үзілмейді. Қонақ келсе, құт келеді деген ұстаным келіндеріне де үлгі.

Өзгелердің жаңалығы