Ақтау портында заманауи контейнерлік хабтың құрылысы белсенді жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ Теміржол және су көлігі комитетіне сілтеме жасап.
Ауқымды жоба 2024 жылы "China Harbor Engineering Co." және "Integra Construction KZ" ЖШС консорциумы бастамасымен қолға алынған және оны Қазақстанның көлік инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналдыру жоспарланып жатыр.
Нысанда 24 гектар аумақ тазартылып, 313 мың тоннадан астам топырақ жеткізілді. Вертикалды жоспарлау жұмыстарының 65%-ы аяқталып, құрылыс қарқынды жүріп жатыр.
Құрылыс жұмыстарына 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылып, тәулік бойы екі ауысымда 12 сағаттан жұмыс жүргізілуде. Бұл құрылыс барысын толық бақылауға және динамиканы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көлік министрлігі контейнерлік хаб құрылысын үнемі бақылауда ұстап отыр.
Теміржол және су көлігі комитеті жобаның белгіленген стандарттары мен мерзімдерге сай болуын қамтамасыз ете отырып, барлық процестерді үйлестіруге белсенді қатысуда.