Ақтау маңында контрафактілік алкогольдің ірі партиясы тәркіленді

5 Маусым 2022, 00:25
1172
Бөлісу:
Ақтау маңында контрафактілік алкогольдің ірі партиясы тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облысының экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, Ақтау маңынан алкоголь өндіретін қойма тапты. Мұнайлы ауданындағы қоймада 3 мыңнан астам бөтелке алкоголь болған, деп хабарлайды Lada.kz.

Саны 3 176 бөтелке күмәнді есепке алу-бақылау таңбалары бар алкогольді заңсыз сақтау фактісі анықталды. Жеке тұлғаның тиісті рұқсат құжатынсыз бүкіл Маңғыстау облысы бойынша алкоголь сатқаны анықталды. Барлық өнім алынып, уәкілетті ұйымға сақтауға берілді, - делінген Маңғыстау облысының мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасында.

Олар қазіргі уақытта қоймадағы өнімнің нақты иесін және жеткізушілерін анықтау жұмысы жалғасып жатыр деп қосты.

Сондай-ақ мемлекеттік кірістер департаменті акцизделетін өнімдерді заңсыз сату мемлекетке зиян келтіріп қана қоймай, халықтың денсаулығына қауіп төндіретінін еске салды.

Өзгелердің жаңалығы