Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
3 Маусым 2025, 11:24
1161
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

Қазақстанға іссапармен келген Орталық Азия мен Қытай журналистері еліміздің өңірлерін аралап, жергілікті мәдениет пен тарихи-мәдени ерекшеліктерімен танысты. Бұл жолы БАҚ өкілдері Ақтаудағы өндірістік нысандарды ғана емес, қаланың өзіндік ерекшеліктерін де көруге мүмкіндік алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақтау қаласы – Каспий теңізінің жағасында орналасқан ерекше әрі тыныш қала. Мұнда көгілдір теңіз сулары мен таза дала ауасы үйлесіп, ерекше бір жайлылық пен үйлесім береді. Қаланың аты – "ақ тау" деген мағынада, шын мәнінде, оның маңындағы жартастар күн сәулесінде жарқырап, ерекше көрініс сыйлайды.

Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер

Ақтаудың тарихы 1960 жылдардан бастау алады, мұнай кен орындарын игерумен тығыз байланысты.

Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер

Ақтау қаласы бұрын Шевченко деп аталған. 1991 жылы тәуелсіздік алған соң, "Ақтау" деген атауға ие болды. Бұл – Маңғыстау облысының орталығы әрі Каспий теңізіне жақын орналасқан маңызды порт қала.

Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер

Мұнай-газ саласы дамығанымен, Ақтауда заманауи үйлер, кең көшелер, жасыл саябақтар бар. Қала тұрғындары мен қонақтары теңіз жағасында серуендеп, күннің батуын тамашалағанды ұнатады.

Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер
Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер
Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер

Таңертеңгі Ақтау ерекше тыныш әрі сергітеді. Каспий толқындары бір сәтке де дамыл таппай, жағалаудағы адамдарды теңіз самалы қарсы алады. Бұл сәт – Ақтауға ғана тән ерекше кеңдік пен тыныштықтың символы.

Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер

Ақтау – Қазақстандағы жоспарлы түрде салынған сирек қалалардың бірі. Мұнда көшелер атау емес, нөмірмен белгіленеді. Мысалы, 3-шағын аудан, 17-үй, 14-шағын аудан және т.б. Бұл жүйе жергілікті тұрғындарға өте ыңғайлы әрі түсінікті.

Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер
Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер

Кешке қарай Ақтаудың келбеті мүлде өзгереді. 

Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер

Аспан қызыл, қызғылт, күлгін түстерге боялып, күн Каспийге баяу сіңіп бара жатқандай әсер қалдырады. 

Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер

Бұл – көрген көзге ерекше сезім сыйлайтын тамаша көрініс.

Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер

Ақтаудың тағы бір қызықты жайлары

  • Қаланың айналасында шөлді және жартасты табиғи ландшафт орналасқан – бір жағында шөл, бір жағында теңіз.
Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер
  • Жер асты сулары тапшы болғандықтан, ауыз су көршілес елдерден құбыр арқылы жеткізіледі.
Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер
  • Ақтауда теңіз суын тұщыландыратын ірі кешен жұмыс істейді – Қазақстандағы ең үлкен тұщыландыру зауыты.
  • Ақтау порты – Каспий жағасындағы ең маңызды көлік тораптарының бірі, теңіз арқылы жүк тасымалы жақсы дамыған.
Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер
  • Қаладағы "360 градус Ақтау" көрінісі – биіктіктен қарағанда, жартастың үстіндегі геометриялық оюға ұқсайды.
Ақтау көріністері: Каспий жағасындағы ғажайып сәттер

Еске сала кетейік, бұл баспасөз турын Қытайдың жетекші ақпарат құралдарының бірі — "Жэньминь жибао" газеті ұйымдастырды. Бұған дейін шетелдік журналистер Алматыдағы Алма-Арасан шатқалында болды. Сондай-ақ Ақтауғадағы битум зауытының жұмысымен де танысты.

Сондай-ақ іс-шара маусым айында Астанада өтетін "Орталық Азия – Қытай" саммитінде аясында өткізіліп отыр.

Өзгелердің жаңалығы