Ақтау кардиохирургтары жүрекке аз инвазивті тәсілмен операция жасады

15 Қаңтар 2024, 20:10
651
Бөлісу:
Ақтау кардиохирургтары  жүрекке аз инвазивті тәсілмен операция жасады
PHOTO
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында кардиохирург дәрігерлер тұңғыш рет қолқа-коронарлық шунттау операциясын төс сүйегін терең тілмей, аз инвазивті тәсілмен, шағын қабырғааралық тілу арқылы жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кардиохирург дәрігер Әбунасыр Сухановтың айтуынша, бұрын қолқа-коронарлық шунттау операциясы классикалық тәсілмен жүргізілген. Операция кезінде пациенттің төс сүйегіне 25 см тілу жүргізілді, бұл пациент үшін ауыр және жарақатты, ұзақ қалпына келтіруді қажет етеді.

Ақтаудың 67 жастағы тұрғынының қабырғаларының арасын 5-7 см тілу арқылы қолқа-коронарлық шунттау операциясы жасалды. Үш шунт жасалды, қазір пациенттің жағдайы жақсы. Ол еркін қозғала алады және қолын ауыртпалықсыз көтере алады. Егер біз дәстүрлі түрде операция жасасақ, пациент 6 ай бойы арқасымен жатар еді. Ал қазір пациент операциядан кейінгі үшінші күні еркін қозғала алады,-дейді кардиохирург дәрігер Әбунасыр Суханов жаңа әдістеменің артықшылықтары туралы.

Бұл операцияның тиімділігі төс сүйегін ашу қаупі жоқ, оңалту кезеңі тезірек өтеді, тілу көлемінің аздығына байланысты пациент көп қан жоғалтпайды.

Ақтау кардиохирургтары  жүрекке аз инвазивті тәсілмен операция жасады

2022 жылы мен операция жасап, төрт рет стент қойдым. Екі жылдан кейін жүрегім қайтадан ауыра бастады. Облыстық ауруханада кардиохирург Әбунасыр Суханов менің ініме операция жасады, нәтижелерін көріп, мен де операцияға баруды шештім. Қазір менде бәрі жақсы, ауырсыну жоқ. Аурухананың дәрігерлері мен мейіргерлері менің жағдайымды мұқият бақылайды. Әбунасыр Жетпісұлына және аурухана басшылығына рахмет, - деп бөлісті пациегт.

Қазір облыс тұрғындарының Астана мен Алматыға баруының қажеті жоқ екенін, күрделі кардиологиялық араласулар білікті дәрігерлердің қатысуымен облыстық көпбейінді ауруханада жүргізілетінін айта кеткен жөн. 

Ақтау кардиохирургтары  жүрекке аз инвазивті тәсілмен операция жасады

Ауруханада мұндай жоспарлы қымбат операциялар әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қаражатының есебінен толығымен тегін жүргізілетінін, ал шұғыл түрде түсетін пациенттерге ТМККК шеңберінде операция жасалатынын еске салды.

Өзгелердің жаңалығы