"Ақшаға сүртіп берді": Алматы полициясы даулы видеоға пікір білдірді

Жақында әлеуметтік желілерде бір қыздың даяшыға ерекше өтініш жасаған видеосы кең тарады. Ол әдепсіз әдетке барып, даяшыдан аяғын сүртіп беруін сұраған. Жарияланған ақпаратқа сәйкес, қыз оған ақша төлейтінін айтқан. Аталған жағдайға қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 видеодан скриншот 19 Қыркүйек 2025 2025, 17:43
19 Қыркүйек 2025 2025, 17:43
1140
Фото: видеодан скриншот

Жақында әлеуметтік желілерде бір қыздың былапыт сөздер айтып, даяшыға аяғын сүрткізген видеосы тарады. Аталған жағдайға қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласында полиция қызметкерлері дәмханалардың бірінде жанжал шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған қыздың жеке басын анықтады. Ол өзін өрескел ұстап, былапыт сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

Аталған дерек бойынша "Ұсақ бұзақылық" бабымен әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушы Атырау қаласында ұсталды. Түсініктемесінде ол кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, - деді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.

Наверх