Үкімет отырысынан соң Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ағылшын тілін меңгеруге арналған ведомствоның бұрынғы жобасы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
БАҚ өкілі Бейсембаевтан "Кезінде мұғалімдерді Астанадан Алматыға дейін жіберіп, ағылшынша оқытты. Қазір жоба қалды. Сонда ақша желге ұшты ма?" деп сұрады.
Бейсембаевтың айтуынша, әлемдік үрдістен қалмай, ағылшын тілін үйрену бағытын жалғастырумыз керек. Бірақ оның сапалы ұйымдастырылуына көңіл бөлінеді.
Қаржы желге ұшты деген сөзбен келіспеймін. Кез келген жасалған жұмыс өз нәтижесін береді. Бұл жерде бір ғана дүние бар - оның қаншалықты деңгейде екендігінде. Деңгейі бойынша қарастырсақ, әрине сұрақтар бар, – деді Оқу-ағарту министрі.