Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақша, көлік және пәтер: Перизат Қайраттың иелігінде қандай мүлік бар?

Олжас АДАЙ
22 Шілде 2025, 15:37
3641
Бөлісу:
 BAQ.KZ
Фото: BAQ.KZ

Бүгін Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша жарыссөз өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылғы 22 шілдеде өткен сот отырысында мемлекеттік айыптаушы тарап қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған мүліктерді тәркілеуді және оларды жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеуге бағыттауды ұсынды.

Тәркіленуі мүмкін мүліктер тізімі мынадай:

  • Mercedes Benz S450, Lexus LX 600, Haval H6 GT, Mercedes Benz Iq 500 маркалы көліктер;
  • Астана қаласындағы "Vela Village" коттедж қалашығындағы Е-899 көшесінде орналасқан жекеменшік үй;
  • Амман көшесі, 21 (ЖК Akbulak Riviera) мекенжайындағы пәтер;
  • Тәуелсіздік көшесі, 56/2 (ЖК Sensata Group) мекенжайындағы пәтер;
  • Қазыбек би көшесі, 7а (ЖК "Көк Жайлау") мекенжайындағы пәтер;
  • Нәжимеденов көшесі, 2 (ЖК Highvill Gold Ishim) мекенжайындағы пәтер;
  • Highvill Gold Ishim және Akbulak Riviera тұрғын үй кешендеріндегі тұрақ орындары.

Сонымен қатар, прокурордың мәліметінше, Перизат Қайраттың 46,7 млн теңге көлемінде дебиторлық берешегі және үстінен тіркелген 10 млн теңге көлеміндегі қаражат Үстел теннисі федерациясының шотында бар.

Тәркілеуге ұсынылған басқа мүліктер:

  • Rebel Flowers гүл салонындағы жарғылық капиталдың 100% үлесі;
  • Қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған сәнді сөмкелер, зергерлік бұйымдар, аяқкиімдер және басқа да аксессуарлар;
  • Перизат Қайрат пен Ғайни Алашбаеваның жеке шоттарындағы ақша, сондай-ақ таратылған қайырымдылық қоры мен гүл дүкенінің шоттарындағы қаражат.

Бұған дейінгі сот отырыстарында зардап шеккендердің қатарында қайырымдылық қорларының өкілдері, кәсіпкерлер, педагогтер мен жұмыссыз азаматтар бар екені белгілі болды. Тергеу мәліметінше, "BizBirgemiz Qazaqstan 2030" қорына азаматтар өз еркімен 30 мыңнан 200 миллион теңгеге дейін қаражат аударған. Олардың ішінде Kaspi Bank тарапынан аударылған 620 миллион теңге де бар.

Астанада өткен бүгінгі сот отырысында прокурор садақадан сән-салтанатқа өткен Перизат Қайраттың әрекетін атап өтті. Сот процесінде мемлекеттік айыптаушы Перизат Қайратқа 10 жыл, анасы Алашбаеваға 8 жыл түрме жазасын сұрады.

Сондай-ақ, айыпталушы Перизат Қайрат Kaspi Bank өкіліне қалай қысым көрсеткені де белгілі болды. 

Перизат Қайрат ісі бойынша сотта тағы бір тың дерек жария етілді. Ол жалған мекенжаймен қор тіркеп, қайырымдылықты бүркеме еткен

Өзгелердің жаңалығы