Ақша бопсалаған «КазАвтоЖол» қызметкерлері ұсталды

3 Шілде 2023, 18:32
1068
Бөлісу:
Ақша бопсалаған «КазАвтоЖол» қызметкерлері ұсталды
Фото: ҰҚК

«НК «КазАвтоЖол» АҚ қызметкерлері ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылғы 29 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Транспорттық прокуратурамен бірге «НК «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы Павлодарлық филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кесті. Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынды, - делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Бұл факті бойынша материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы