АҚШ, Египет, Катар және Түркия өкілдері Газа секторындағы атысты тоқтату келісімінің бірінші кезеңін жүзеге асырудағы прогресті бағалады. Бұл туралы АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф Майамиде жариялаған бірлескен мәлімдемеде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Хабарламада атап өтілгендей, бірінші кезең гуманитарлық көмекті кеңейту, кепілге алынған адамдардың денелерін қайтару, күштерді ішінара шығару және белсенділіктің төмендеуі сияқты нақты нәтижелерге жетті.
Келіссөздер барысында екінші кезеңде Газада басқарушы орган құру мәселесі де қарастырылмақ.