Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ ядролық қалдық мәселесінен қаша алмайды

Бүгiн, 16:44
120
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Ақ үй басшысы Дональд Трамп 2050 жылға қарай АҚШ-тағы ядролық қуатты төрт есе арттыру жоспарын жариялады. Ал 33 ел сол мерзім ішінде ядролық қуатты үш есе көбейтуге арналған декларацияға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ AOL-ға сілтеме жасап.

Жаңа ядролық энергетикаға үкіметтер ғана емес, жеке компаниялар да белсенді түрде кірісіп отыр. Технологиялық компаниялар жабылған зауыттарды қайта іске қосуға, сондай-ақ бар зауыттардың қызмет ету мерзімін ұзартуға және қуатын арттыруға тырысуда. Осылайша Америкадағы ең ірі, ең тәжірибелі және табысты компаниялар жаңа ядролық энергетикаға бет бұруда.

Алайда бұл мақсаттың соңында 90 000 тонна ядролық қалдық жатыр. Аталмыш мәселе қауіпсіздікпен емес, ядролық қуатты айтарлықтай кеңейту үшін кедергі болып отыр. 

Айта кету керек, ядролық қалдық арнайы бассейндерде немесе құрғақ контейнерлерде сақталады. АҚШ-та тарихта өндірілген барлық пайдаланылған отын бір футбол алаңына сыйып кететіндей ғана.

Сұраныстың артуына жасанды интеллектінің қарқынды дамуы және электркөлік өндірісіне басымдық берілуі себеп. Алайда атом энергетикасының қауіпті тұстары да бар. Мәселен, ядролық қалдықтар. Дональд Трамптың деректер орталықтарын энергиямен қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды жоспарлары күн тәртібіне ескі мәселені қайта шығарды. Ол – аса уытты қалдықтарды көму мәселесі. Мұндай қалдықтар ядролық реакторлардың жұмысы нәтижесінде пайда болады. Алайда басты қиындық ел аумағында оны сақтайтын қойманың жоқтығы мәселеге айналып отыр.

Қазір шамамен 100 мың тонна радиоактивті материал атом электр станцияларында уақытша сақтаулы. Мәселені шешу үшін билік қалдықтарды жер астына орналастыруға дайын өңірлерге іздеу жариялады. Есесіне штаттарға федералдық қолдау мен атом энергетикасына инвестиция тартуға жәрдем беріледі. Штат тұрғындарына ойлануға 60 күн мерзім берілді.

Өзгелердің жаңалығы