Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ визасынан айырылған президент БҰҰ штаб-пәтерін көшіруді ұсынды

27 Қыркүйек 2025, 19:17
653
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

АҚШ билігі визасын аннулиациялаған Колумбия президенті Густаво Петро БҰҰ штаб-пәтерін Нью-Йорктен көшіруді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ол X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жазды.

БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысатын президенттер толық иммунитетке ие болуы тиіс... Палестина билігіне елге кіруге рұқсат берілмеуі және АҚШ пен Израиль армиясын геноцидті қолдамауға шақырғаным үшін визамның күшін жоюы — АҚШ үкіметінің халықаралық құқық нормаларын сақтамай отырғанын көрсетеді. Сондықтан БҰҰ штаб-пәтері Нью-Йоркте қала алмайды, – деп мәлімдеді ол.

Мемлекет басшысы сонымен бірге өзіне виза қажет еместігін, тек ESTA жеткілікті екенін айтты. Өйткені ол Колумбия азаматы ғана емес, сондай-ақ Еуропа азаматтығына да ие.

Мен өзімді осы әлемдегі еркін азамат ретінде санаймын. Адамзат тұтасымен еркін болуы керек. Бізде осы планетада өмір сүруге құқық бар, – деп қосты президент.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ Колумбия президентінің визасын жойғаны туралы жаздық.

Өзгелердің жаңалығы