Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ Венесуэлаға әуе соққысын жасағанын растады

Кеше, 14:51
251
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

АҚШ Венесуэла аумағына әуе соққылары жасалғанын ресми түрде растады, деп хабарлайды BAQ.KZ Report агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы америкалық ресми тұлғалар Fox News телеарнасына мәлімдеген.

Мәліметке сәйкес, соққылар жасалар алдында АҚШ президенті Дональд Трамп Мар-а-Лаго резиденциясында ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша шұғыл кеңес өткізген. Талқылаудың егжей-тегжейі мен қабылданған шешімдердің сипаты жария етілмеді.

Бұған дейін Венесуэланың астанасы Каракаста кемінде жеті жарылыстың дыбысы естілгені хабарланған еді. Куәгерлер қаланың әртүрлі аудандарында авиацияның әрекеті мен жарылыстар болғанын айтқан.

Венесуэланың ресми билігі бұған дейін елде төтенше жағдай енгізілгенін мәлімдеп, Вашингтонды әскери агрессия жасады деп айыптаған. Елдегі жағдай әлі де күрделі күйде қалып отыр, ақпарат нақтыланып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы