АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасы (FAA) Каракаста болған жарылыстардан кейін "әскери белсенділік жалғасып жатқанын" алға тартып, америкалық коммерциялық әуе компанияларына Венесуэла әуе кеңістігінде ұшуға тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
FAA Венесуэла әуе кеңістігіне қатысты мәлімдемені Каракастағы жарылыстар туралы хабарламаларды негізге алған соң, сондай-ақ Венесуэла үкіметінің АҚШ-ты елдің әртүрлі өңірлеріндегі азаматтық және әскери нысандарға соққы берді деп айыптауынан кейін жасады.
FAA өкілдері коммерциялық рейстерге тыйым салу "әскери әрекеттердің жалғасуына" байланысты енгізілгенін мәлімдеді.
Бұған дейін Каракастағы үкімет АҚШ әкімшілігінің астанадағы, сондай-ақ Миранда, Арагуа және Ла-Гуайра штаттарындағы азаматтық және әскери нысандарға жасаған шабуылдарын қатаң түрде "қабылдамайтынын" және "айыптайтынын" мәлімдеген еді.