АҚШ Ұлттық қауіпсіздікті жасанды интеллектіге жүктейді

6 Қыркүйек 2023, 17:40
513
Бөлісу:
АҚШ Ұлттық қауіпсіздікті жасанды интеллектіге жүктейді

АҚШ-тың қорғаныс министрлігі "Лима" атты жедел топ құрады. Жаңа топ генеративті жасанды интеллектіні зерттеп, әзірлеумен айналысады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Ведомстводан хабарлағандай, "Лима" кең ауқымдағы тілдік модель арқылы саяси қарым-қатынас, қорғаныс пен әскери мүмкіндікті жақсартуы тиіс. Яғни, жаңа құрылым ел қауіпсіздігі жүйесін күшейту үшін жасанды интеллектке жүгінеді.

Жасанды интеллектіні ұлттық қауіпсіздік мақсатында пайдалану жоспары жайында сәуірде белгілі болған еді. Бұл шешім Чат Джи Пи Тиді пайдаланушылардың қатары артқан тұста қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы