Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ Украинаға қаржы бөлуді тоқтатады – Трамп

26 Тамыз 2025, 02:34
907
Бөлісу:
 AP Photo / Evan Vucci
Фото: AP Photo / Evan Vucci

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон енді Украинаға қаржы бөлмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Известияға сілтеме жасап.

Америка Украинаға ешқандай ақша төлемейді, бірақ НАТО-ға қару сатады. Байден не істеп жатқанын түсінбестен, оларға қайтарымсыз қаражат берді, – деді Трамп.

Ол сондай-ақ өзінің бастамасының арқасында НАТО қорғаныс шығындарын 5%-ға дейін арттыруға келіскенін атап өтті.

Трамп Украинадағы дағдарысты «жеке тұлғалардың қақтығысы» деп сипаттап, бұл елге қауіпсіздік кепілдіктерін беру мәселесі әлі талқыланбағанын айтты. Бұған дейін, 15 тамызда ол Украинаға НАТО форматында қауіпсіздік кепілдігін беруге қарсы екенін мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы