АҚШ Тынық мұхитының шығыс бөлігінде есірткі саудагерлеріне тиесілі кемеге соққы жасады. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы X әлеуметтік желісінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Барлау деректері кеме Тынық мұхитының шығыс бөлігінде есірткі контрабандасына арналған белгілі бағыттармен жүріп, есірткі тасымалы үшін пайдаланылғанын растады, - делінген қолбасшылықтың парақшасында жарияланған хабарламада.
Соққы нәтижесінде үш адам залалсыздандырылды. АҚШ әскери қызметкерлері зардап шеккен жоқ.