АҚШ-тың Украинаға қатысты саясаты өзгеруі мүмкін

8 Наурыз 2025, 10:20
1016
Бөлісу:
АҚШ-тың Украинаға қатысты саясаты өзгеруі мүмкін
Фото: depositphotos.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату үшін күш салып жатқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол АҚШ-тың Украина мен Ресейді келіссөз үстеліне отырғызуға тырысып жатқанын мәлімдеді.

Егер Украина бейбіт келісімге келмесе, АҚШ оған көмектесуді тоқтатуы мүмкін. Трамп бұл пікірін Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында айтты. Трамптың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтц келесі аптада НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Вашингтонға келетінін хабарлады.

Біз дипломатиялық күш-жігерімізді жалғастырып, Ресей мен Украинаны келіссөзге мәжбүрлейтін барлық тетіктерді қолданамыз, – деді Уолтц.

Трамптың билікке оралуы Ресей миллиардерлерінің байлығын арттырды. АҚШ пен Ресей қарым-қатынасының жақсаруы ресейлік миллиардерлердің байлығын 16,5 миллиард долларға көбейтті. Ең көп байығандар қатарында: Алишер Усманов (+3,19 млрд, жалпы байлығы – 16,4 млрд). Владимир Потанин (+2,22 млрд, жалпы байлығы – 30,1 млрд), Сулейман Керимов (+1,68 млрд, жалпы байлығы – 8,72 млрд) бар.

Сондай-ақ АҚШ Украинаға әскери спутниктік суреттерді уақытша ұсынбайтынын мәлімдеді. Бұл шешімнің мақсаты – Украинаны Ресеймен келіссөздерге итермелеу. Украина бұл суреттерді Ресей әскерінің қозғалысын бақылау және әскери жоспарлау үшін қолданып келген. АҚШ-тағы республикашылдар Трамптан Украинаға әскери көмекті қайта бастауды сұрады. АҚШ сенаторлары Трамптың Украинаға қару-жарақ пен барлау көмегін тоқтатуын сынға алды. Олар бұл шешім Украина әскерін әлсіретіп, Ресеймен келіссөздердегі позициясын әлсірететінін ескертті. Кейбір саясаткерлер Киевке барлау мәліметтерін беруді дереу қайта бастау қажет екенін айтты.

Бұл оқиғалар АҚШ-тың Украинаға қатысты саясаты өзгеруі мүмкін екенін көрсетеді.

 

Өзгелердің жаңалығы