АҚШ-тың шабуылынан кейін Иран әскери кемесінде 104 теңізші мерт болды

Иранның мәліметінше, шабуыл әскери жаттығулардан оралып келе жатқан эсминецке жасалған.

 freepik Кеше 2026, 23:57
Кеше 2026, 23:57
717
Фото: freepik

АҚШ-тың Иран әскери кемесіне жасаған шабуыл салдарынан кем дегенде 104 теңізші қаза тауып, 32 адам жарақат алды. Бұл туралы Иран армиясы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Оқиға Шри-Ланка жағалауында, Галле қаласының оңтүстік портынан шамамен 19 теңіз милі қашықтықта орын алған. АҚШ сүңгуір қайығы Iris Dena әскери кемесіне шабуыл жасаған. Экипаж саны 136 адам болған.

Шри-Ланка Әскери-теңіз күштері апатқа ұшыраған кемеге жақындап, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсеткен. Иранның мәліметінше, шабуыл әскери жаттығулардан оралып келе жатқан эсминецке жасалған.

АҚШ тарапынан әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ.

Наверх