АҚШ-тың сенаторлары Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға беруді ұсынды

25 Наурыз 2025, 12:17
1358
Бөлісу:
АҚШ-тың сенаторлары Ресейдің бұғатталған активтерін Украинаға беруді ұсынды

Америкалық сенаторлар Трампты Ресейдің 300 млрд долларлық активтерін Украинаға беруге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Tengrinews.kz агенттігінің мәліметінше, бір топ АҚШ сенаторы президент Дональд Трамп пен Батыс одақтастарын Ресейдің арестке алынған 300 миллиард доллардан астам активтерін Украинаға беруге шақырды.

Жұма күні Мемлекеттік хатшы Марко Рубиоға жолданған хатқа демократтар Ричард Блюменталь мен Тим Кейн, сондай-ақ республикашылдар Тодд Янг пен Линдси Грэм қол қойған.

АҚШ-та ресейлік активтердің тек 7 миллиард доллары ғана сақтаулы болғанымен, сенаторлар Еуроодақ, G7 және басқа елдердегі активтерді де пайдалану жолын қарастыру қажет деп есептейді.

Сенаторлар Трамп әкімшілігінен келесі сұрақтарға жауап сұрайды:
• Әкімшілік Ресейді соғысты тоқтатуға мәжбүрлеу үшін барлық қаржылық құралдарды пайдалануға дайын ба?
• АҚШ пен ЕО активтері келіссөздерге ықпал ететін тетік ретінде қолданылуы керек пе?
• Егер иә болса, онда қандай жолмен?

Сондай-ақ, олар бұл қаражатты Украинаға қару сатып алу үшін беру мәселесін де көтеріп отыр.

Өзгелердің жаңалығы