АҚШ-тың Қытаймен соғыс жөнінде құпия жоспары бар ма?

Кеше, 20:18
668
Бөлісу:
АҚШ-тың Қытаймен соғыс жөнінде құпия жоспары бар ма?
Фото: flickr/Gage Skidmore

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) америкалық кәсіпкер Илон Маскты Қытаймен әскери қақтығыс болған жағдайда қолданылатын “аса құпия” жоспарлармен таныстыруды жоспарлап отыр деген ақпарат тарады.

Бұл туралы алғаш болып New York Times газеті екі америкалық шенеуніктің мәліметіне сүйене отырып хабарлады.

New York Times ақпаратына сәйкес, 2025 жылғы 21 наурызда Пентагон Маскке АҚШ армиясының соғыс жағдайындағы стратегиясын таныстыратын брифинг өткізбек.
Брифингте 20-30 слайдтан тұратын презентация көрсетіледі, онда АҚШ-тың Қытай тарапынан төнетін қауіптің алдын алу жолдары, әскери іс-қимыл сценарийлері, шабуыл бағыттары, соққы жасау мерзімі және президент Трампқа ұсынылатын шешімдер талқыланады.

АҚШ президенті Дональд Трамп та, Қорғаныс министрі Пит Хегсет те бұл ақпаратты жоққа шығарды. Трамп “бұл – таза жалған ақпарат” деп мәлімдеді. Қорғаныс министрі Хегсет Илон Масктың Пентагонға келетінін растағанымен, оған құпия жоспарлар берілетіні туралы ақпаратты жалған деп атады.

Өзгелердің жаңалығы