Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі жұмысын уақытша шектейтін болды

2 Қазан 2025, 06:25
497
Бөлісу:
 скрин
Фото: скрин

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі Америкадағы мемлекеттік құрылымдардың бір бөлігінің жұмысын уақытша тоқтатуы (шатдаун) салдарынан әлеуметтік желідегі белсенділігін азайтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ақпарат елшіліктің Instagram-парақшасында жарияланды.

Қаржыландыру мен үкімет жұмысының уақытша тоқтатылуына байланысты осы аккаунтта жаңартулар толық жұмыс қалпына келгенге дейін тұрақты түрде жарияланбайды. Тек шұғыл қауіпсіздік пен қорғауға қатысты хабарламалардан басқа, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар елшілік қазіргі таңда АҚШ-та да, шетелдегі елшіліктер мен консулдықтарда да паспорт пен транзиттік визаларды беру қызметтері жоспарға сәйкес, қолда бар мүмкіндіктер аясында жалғасып жатқанын нақтылады.

Өзгелердің жаңалығы