Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ-тың Мичиган штатындағы шіркеуде атыс болып, бірнеше адам қаза тапты

29 Қыркүйек 2025, 05:18
466
Бөлісу:

АҚШ-тың Мичиган штатындағы Гранд Бланк қаласында орналасқан Иса Мәсіхтің Соңғы күнгі әулиелер шіркеуінде атыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Fox 2 Detroit басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, оқиға жексенбі күні таңертең тіркелген.

Полицияның мәліметінше, бірнеше адам көз жұмған. Атыстан кейін шіркеуде өрт шығып, ғимараттың төбесі құлаған. Құқық қорғау органдары шабуылдаушының залалсыздандырылғанын хабарлап, тұрғындарға қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Дегенмен полиция оқиға орнына жақындамауды ескертті.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл оқиғаны «елдегі христиандарға бағытталған шабуыл» деп атады. Ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында ФБР-дың дереу оқиға орнына келіп, федералды тергеуді бастап кеткенін айтты. Сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті билік органдарына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын жеткізді.

Трамптың айтуынша, қылмыс жасады деген күдікті қаза тапқан.

Әкімшілік тергеу барысы туралы халықты уақтылы хабардар етеді, – деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы