Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лос-Анджелесте, Вашингтонда және бүкіл елде ондаған мың тұрғын конгресмендерді атыс қаруына тыйым салуға және тиісті заң қабылдауға шақырды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әртүрлі жағдайларда атыстан аман қалған адамдар да шеруге келіп, наразылықтарын білдірді. Соңғы уақыттары АҚШ та қолына қару алып адамдарға оқ ататындар көбейіп кетті. Бұл жергілікті жұрттың ашуын тудырып отыр.
Бірақ әлі күнге дейін қаруға тыйым салатын заң қабылданбай отыр. Мамыр айында Техастағы бастауыш мектепте қарулы қылмыскер 19 бала мен екі мұғалімді атып өлтірген қанды оқиға және 10 афроамерикалық қаза тапқан атыс АҚШ қоғамын дүрліктіріп жіберді.