АҚШ соңғы күндері Таяу Шығыстағы бірқатар әскери базалардан қызметкерлерін шығарып, аймақтағы дипломатиялық миссиялардың жұмысын қысқартуда. Бұл туралы NBC News ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады.
Телеарна дерегінше, әскери қызметкерлерді шығару Иордания, Катар және Кувейттегі базаларға әсер еткен. Сонымен қатар, 21 қазанда АҚШ-тың аймақтағы кейбір дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары персонал саны қысқарған жағдайда жұмыс істеуге дайындалу жөнінде нұсқау берген.
NBC News дереккөздері бұл шараларды АҚШ-тың ақпан айында Иранға қарсы әскери операция басталғанға дейін жүргізген қызметкерлерді шығару әрекеттерімен салыстырды.
АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының өкілі Тимоти Хокинс әскер мен ресурстардың үнемі қайта орналастырылатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай қозғалыстардың егжей-тегжейі жарияланбайды.
Бұған дейін Reuters агенттігі АҚШ Мемлекеттік департаменті Йемендегі хуситтер қозғалысына қарсы ықтимал әскери операцияға байланысты Таяу Шығыстағы бірқатар елшіліктердің қызметкерлерін шығаруға дайындалып жатқанын хабарлаған.
Кейін Мемлекеттік департамент өкілі Томми Пиготт ведомство Сауд Арабиясындағы маңызды емес қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне елден кетуді тапсырғанын растады.