ҚМА Алматы қаласы бойынша Департаментімен мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша бір топ адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Еске сала кетейік, Алматы тұрғыны АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алу кезінде ұсталған болатын. Одан 649 гр. кептірілген марихуана мен 676 гр. гашиш есірткі заттары табылып, тәркіленді.
Тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік шекара арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізумен және Telegram мессенджері арқылы сатумен айналысқан адамдар тобы анықталды.
Сондай-ақ, олардан 705 гр. марихуана мен 1266 гр. гашиш есірткі заттары табылып,тәркіленді.
Сот үкімімен жеті кінәлі адам 3 жылдан 16,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Қаржылық мониторинг агенттігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде АҚШ-тан ҚР-ға есірткі контраба арнасының және Алматы қаласының аумағында есірткіні тарататын бірнеше Telegram-арналардың қызметі жойылды.