АҚШ-тан келген байқаушылар 20-ға жуық сайлау учаскесінде болды. Бұл туралы елордада халықаралық байқаушылардың қатысуымен өткен брифингте Джеймстаун қорының аға ғылыми қызметкері (АҚШ) Маргарита Ассенова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Шет мемлекеттердің байқаушылар тобы 20-ға жуық сайлау учаскесін аралаған. Мысалы, Алматы, Ақмола облысындағы, елді-мекендерде болдық. Бұл сайлауда үш негізгі өзгеріс бар. Сондай-ақ сайлаудың алдыңғы сайлауларға қарағанда ерекше тұстары барын да білеміз, - деді АҚШ-тан келген байқаушы.
Сөзінше, 19 наурызда өткен сайлауда үміткерлер саны көп болды. Десе де сайлаушыларға қалаған үміткерлеріне таңдауға мүмкіндік берілді.
Сайлауда әйелдерге 30 пайыз квота енгізілді. Бұл жерде ашық саяси бәсекелестік болғанын көрдік. Біздің ойымызша, бұл сайлау Қазақстанның және оның саяси реформаларындағы тағы бір қадамды көрсетіп отыр, - деп түсіндірді Маргарита Ассенова.