АҚШ-тан иммигранттарды депортациялау елдің экономикасына қалай әсер етеді

Бөлісу:
АҚШ-тан иммигранттарды депортациялау елдің экономикасына қалай әсер етеді
Фото: REUTERS

АҚШ-тан иммигранттарды депортациялау ішкі нарықтағы бағалардың өсуіне әкелуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі шетелдік журналист Muhammad Zamir Assadi жасаған журналистік зерттеуге сілтеме жасап.

АҚШ-тың ең ірі үш сауда серіктесі – Қытай, Мексика және Канадаға енгізілген жаңа тарифтер арзан жұмыс күші мен тауарларға қолжетімділікті шектеу арқылы инфляцияны күшейту қаупін тудырады. 

Сондай-ақ, иммигранттарды депортациялау ішкі нарықтағы бағалардың өсуіне әкелуі мүмкін. Өйткені АҚШ-тағы құрылыс, өндіріс және ауыл шаруашылығы салаларындағы жұмысшылардың шамамен 15%-ы – иммигранттар, - делінген журналистік зерттеу мәтінінде.

Халықаралық экономика жөніндегі Петерсон институтының (PIIE) жақында жүргізген зерттеуіне сәйкес, тарифтер мен иммиграцияға шектеулер АҚШ-тағы инфляцияны 6,0%-дан 9,3%-ға дейін арттыруы мүмкін. Бұл болжамды 1,90%-дық негізгі деңгейден әлдеқайда жоғары. Уақыт өте келе, бұл 2028 жылға қарай АҚШ тұтынушылары үшін тауарлар мен қызметтердің бағасының 20%-дан 28%-ға дейін қымбаттауына алып келуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы