АҚШ-тан депортацияланғандар арасында қазақстандықтар да бар

Бүгiн, 12:12
342
Бөлісу:
АҚШ-тан депортацияланғандар арасында қазақстандықтар да бар
Фото: entrevue.fr

АҚШ-тан депортацияланған 135 заңсыз мигрант Коста-Рикаға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Reuters әгенттігінің мәліметінше, мигранттар арасында Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Армения, Түркия, Ауғанстан, Ресей, Грузия, Вьетнам, Әзірбайжан, Иран, Иордания және Ганадан келген отбасылар бар. Олардың тең жартысы – кәмелетке толмағандар, кем дегенде екі жүкті әйел бар.

Қауіпсіздік министрінің орынбасары Омер Бадилланың айтуынша, депортацияланғандар өз елдеріне оралғанда қауіпсіздіктеріне төнетін қатер мұқият тексеріледі. Кейбірі Коста-Рикадан босқын мәртебесін сұрай алады.

Өзгелердің жаңалығы