АҚШ-тағы Уолл-стритте Республика күніне орай Қазақстан туы желбіреді

Нью-Йорктегі Уолл-стритте Қазақстан туы көтерілді.

23 Қазан 2026, 12:24
АВТОР
 Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы 23 Қазан 2026, 12:24
23 Қазан 2026, 12:24
176
Фото: Қазақстан Республикасының Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы

Нью-Йорктің ортасында, Уолл-стритте, Республика күніне орай Қазақстанның мемлекеттік туы көтерілді. Рәсім 22 қазанда әйгілі «Шабуылдаушы бұқа» қола мүсіні Charging Bull жанында өтті.

Іс-шараға Нью-Йоркте тұратын қазақстандықтар жиналды. Рәсімге қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік әнұранын шырқады.

Салтанатты сәттің кадрларымен Instagram парақшасында жергілікті фотограф Аркен Аван бөлісті. 

Уолл-стритте Республика күніне орай өтетін бұл рәсім бірнеше жылдан бері дәстүрге айналған. Осындай іс-шаралар 2024 жылы және 2025 жылдары да қазақстандық дипломаттар мен диаспора өкілдерінің қатысуымен өткізілген болатын.

Өткен жылы бұл мереке ерекше оқиғамен ұласты. Нью-Йорк мэриясы қазақ қауымдастығының қаланың мәдени өміріне қосқан үлесін жоғары бағалап, бұл күнді ресми түрде Қазақстанның мұра күні (Kazakhstan Heritage Day) деп жариялады.

Қазақстанда Республика күні 25 қазанда аталып өтеді. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Информационное агентство BAQ.KZ (@baq.rus)

Наверх