АҚШ президенті Дональд Трамп бірнеше елге, тіпті Еуроодаққа қарсы бастаған сауда соғыстары салдарынан Канада Вашингтонмен одақтастықтан біртіндеп бас тарта бастады, деп хабарлайды BAQ. KZ The New York Times
Ресми Оттава қазірдің өзінде ЕО-мен келіссөздер жүргізіп, еуропалық әскери техниканы өз өндірісінде шығаруға мүмкіндік беретін қорғаныс бастамасына қосылуға ниетті.
Журналистердің мәліметінше, ресми Брюссель өзінің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтып, АҚШ-қа тәуелділікті азайтуды көздеп отыр, ал Канада үшін бұл жаңа нарыққа жол ашады.
Сонымен қатар, Канаданың жаңа премьер-министрі Марк Карни өзінің алғашқы шетелдік сапарында елін “Еуропалық емес, ең еуропалық мемлекет” деп атады.
Анонимді дереккөздер қазіргі уақытта Канаданы ЕО-ның қорғаныс жобасына қосу жөнінде келіссөздер жүріп жатқанын хабарлады.
Бұл Канадаға еуропалық қару-жарақ өндірісіне, соның ішінде шведтік Saab Gripen жойғыш ұшағының өндірісіне қатысуға мүмкіндік береді.
ЕО 150 миллиард еуро көлемінде несие бағдарламасын ұсынып, оның 65%-ын Еуроодақ немесе серіктестер қаржыландыруы тиіс. Ал Канада қалған 35%-ын қамтамасыз етіп, қосымша келісім арқылы ынтымақтастықты кеңейте алады.
Сонымен қатар, Канада ЕО әскери техника нарығына АҚШ-қа балама ретінде жеңілдетілген шарттармен кіру мүмкіндігіне ие болмақ.