АҚШ тағы бір мемлекетке қоқан-лоқы көрсетіп отыр

Бүгiн, 20:10
820
Бөлісу:
АҚШ тағы бір мемлекетке қоқан-лоқы көрсетіп отыр
Фото: КАРЛОС А. МОРЕНО/ZUMA PRESS

Хегсет Мексика Трамптың шекара жөніндегі талаптарын орындамаса, әскери әрекеттер болатынын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қорғаныс министрінің жабық есік жағдайында айтқан пікірлері 25% тарифтен құтылу үшін келіссөздер жүргізіп жатқан мексикалық шенеуніктерді алаңдатты.

Басылымның мәліметінше, Пентагон басшысы Пит Хегсет 31 қаңтарда телефон арқылы мексикалық шенеуніктерге АҚШ әскері «егер Мексика үкіметі мен картельдер арасындағы жағдай реттелмесе», біржақты әскери шара қабылдауға дайын екенін ескертті.

WSJ деректеріне сүйенсек, бұл мәлімдеме Мексика басшылығы арасында «түсініспеушілік пен наразылық» туғызған. Сондай-ақ, басылым Хегсеттің бұл ескертуін Вашингтонның Мексикаға ықпалын күшейту әрекеті ретінде бағалап, оны сауда келіссөздеріне қысым жасаудың бір әдісі деп сипаттайды.

Өзгелердің жаңалығы