АҚШ-та шенеунік Иранға қатысты ұстанымы үшін қызметінен кетті

Дональд Трамп жоғары лауазымды шенеунікті қауіпсіздік мәселелеріндегі әлсіз ұстанымы үшін сынға алды.

 Джо Кент/Х @NCTCKent Бүгiн 2026, 07:40
Бүгiн 2026, 07:40
111
Фото: Джо Кент/Х @NCTCKent

АҚШ-тың Ұлттық контртеррористік орталықтың басшысы Джо Кент Ирандағы соғысқа байланысты қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол қызметтен кету туралы өтінішін президент Дональд Трамп атына X желісінде жариялаған.

Ұзақ ойланғаннан кейін бүгіннен бастап Ұлттық контртеррористік орталық директоры қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Мен Ирандағы жалғасып жатқан соғысты ар-ұжданыммен қолдай алмаймын. Иран біздің елге тікелей қауіп төндірген жоқ, әрі бұл соғыстың Израиль мен оның АҚШ-тағы ықпалды лоббиінің қысымымен басталғаны анық, – деді Джо Кент.

АҚШ Ұлттық барлау директоры Талси Габбард өз кезегінде президенттің шешіміне түсініктеме берді. Оның айтуынша, Дональд Трамп Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде қандай қауіп бар екенін анықтап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдауға жауапты.

Барлық ақпаратты мұқият зерделей отырып, президент Трамп Ирандағы исламшыл террористік режим АҚШ-қа тікелей қауіп төндіреді деген қорытындыға келді және осыған сәйкес шешім қабылдады, – деді Талси Габбард.

Президент Дональд Трамп Джо Кенттің Иранмен соғысқа қарсы болғаны үшін қызметтен кетуін «жақсы» деп бағалап, оны қауіпсіздік мәселелеріндегі әлсіз ұстанымы үшін келемеждеді.

Егер бізбен бірге Иранды қауіп деп санамайтын адамдар жұмыс істесе, ондай адамдар бізге қажет емес. Олар жеткілікті ақылды емес әрі көрегендігі де жоқ, – деп келтіреді CNN Трамптың сөзін.

Наверх