АҚШ-та 26 қыркүйекте бастап соғып жатқан "Хелен" дауылынан көз жұмғандар саны 221 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Сондай-ақ 200-ден астам кісі із-түссіз жоғалып кеткен. Олар Флорида, Джорджия, Оңтүстік Каролина, Солтүстік Каролина, Вирджиния және Теннесси штаттарының тұрғындары. Билік зардап шеккендерге көмек көрсетуге тырысып-ақ жатыр.
Елдің Қорғаныс министрлігінің сайтында Солтүстік Каролина аймағына 45 мың келі гуманитарлық дәрі-дәрмек, азық-түлік, жанармай, сондай-ақ "Старлинк" (Starlink) жерсерігінің жүз данасы мен басқа жүк жеткізілгені туралы ақпарат жарияланды. Бұдан бөлек, апат аймағына 6700 сарбаз жіберілген.
Оқи отырыңыз: