АҚШ-та белгісіз бір адам барға келушілерге оқ атты

Қарулы адамды полиция атып өлтірді.

 pixabay Бүгiн 2026, 05:43
Бүгiн 2026, 05:43
165
Фото: pixabay

Техаста барда атыс болып, үш адам қаза тауып, 14 адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ DW басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Остиннің ойын-сауық ауданындағы Buford's Backyard Beer Garden мейрамханасында болды. Атыс туралы жергілікті уақыт бойынша сағат 1:39-да хабарланды. 57 секунд ішінде алғашқы полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына келіп, зардап шеккендерге көмек көрсете бастады.

Полиция қызметкерлері оқ атқан қарулы адамды қолға түсірді. Полиция қызметкерлері жауап ретінде оқ жаудырып, күдікті де оқиға кезінде қайтыс болды. Шабуылдың себебі әлі анықталған жоқ.

Оқиға орнында үш адам қаза тапты, тағы 14 адам ауруханаға жеткізілді, олардың үшеуі ауыр халде жатыр.

Наверх