Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ-та 55 млн шетелдіктің визасы қайта тексерілмек

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
22 Тамыз 2025, 10:46
390
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

АҚШ Мемлекеттік департаменті елге кіруге және онда тұруға рұқсат берілген барлық 55 миллион шетел азаматының визасын қайта қарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

AP басылымының хабарлауынша, бұл шара – Трамп әкімшілігінің шетелдіктерге қатысты қатаң бақылауды күшейту саясатының бір бөлігі.

Ресми мәліметке сәйкес, әрбір виза иесі “үздіксіз тексеруге” жатады. Егер визаны пайдалануда заң бұзушылық анықталса немесе қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін деректер табылса, құжат жойылады. АҚШ аумағында жүргендер болса, депортациялануы мүмкін.

Қазірдің өзінде студенттік және алмасу бағдарламалары бойынша келген мыңдаған шетелдік виза талаптарын бұзғаны үшін елден шығарылған. Мемдепартамент әлеуметтік желілердегі белсенділікті де бақылап, құқық қорғау органдарының деректерімен салыстырады.

Сонымен қатар АҚШ жүк көлігін жүргізетін шетелдік азаматтарға жаңа жұмыс визаларын беруді тоқтатты. Ресми себеп – жол қауіпсіздігі және америкалық жүргізушілердің жұмыс орындарын қорғау.

Өзгелердің жаңалығы