Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ Сириядағы әскери күштерін азайтады

19 Сәуір 2025, 09:35
792
Бөлісу:
 depositphotos.com
Фото: depositphotos.com

Алдағы бірнеше айда АҚШ Сириядағы әскери күштерінің санын қысқартып, ондағы әскери қызметкерлер санын 1000 адамнан төмен деңгейге дейін азайтады. Бұл туралы BAQ.KZ Axios басылымына сілтеме жасап хабарлады.

18 сәуір күні Пентагон өкілі Шон Парнелл бұл шешімді ресми түрде жариялап, оны «ДАИШ (ИГИЛ) ұйымының өңірде де, жаһандық деңгейде едәуір әлсірегенімен» түсіндірді.

Одан бір күн бұрын The New York Times Сирияның солтүстік-шығысында орналасқан үш шағын әскери базаның жабылатыны туралы мәлімдеген болатын.

Алайда осы шешімге қарамастан, АҚШ Қарулы Күштерінің Орталық қолбасшылық аймағына кіретін басқа өңірлерде әскери белсенділік күшейіп отыр.

Өзгелердің жаңалығы