АҚШ сенаты Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады

6 Тамыз 2022, 15:47
1044
Бөлісу:
АҚШ сенаты Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады

АҚШ сенаты Қазақстандағы жаңа елшісін тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Елшіліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Дэниел Н. Розенблюм 2021 жылғы қазаннан бері АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін уақытша атқарған Джуди Куоның орнына келеді.

Дэниел Розенблюм бұған дейін АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарған. 

2014 жылдың шілдесінен 2018 жылдың шілдесіне дейін Розенблюм Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі мемлекеттік департамент бюросында мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары болғаны белгілі. Оның міндетіне АҚШ саясатын және Орталық Азияның бес мемлекеті: Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанмен дипломатиялық қатынастарды басқару кірді.

Өзгелердің жаңалығы