АҚШ Ресейге қатысты санкциялық саясатын өзгертіп жатыр

АҚШ президенті Дональд Трамптың командасы Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтуді тоқтатуға бағытталған жиындарға қатысуын қысқартқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 Наурыз 2025 2025, 11:28
 Bloomberg 23 Наурыз 2025 2025, 11:28
23 Наурыз 2025 2025, 11:28
1596
Фото: Bloomberg

АҚШ президенті Дональд Трамптың командасы Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтуді тоқтатуға бағытталған жиындарға қатысуын қысқартқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еуроодақтағы дереккөздердің мәліметінше, АҚШ шенеуніктері санкциялардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірнеше жұмыс топтарына қатыспаған. Сонымен қатар, Трамп әкімшілігі Ресейдің қару жасауға қажет бөлшектер мен жабдықтарды алуына кедергі келтіретін топтың қызметін елемей келеді.

Тағы бір маңызды бағыт — “Үлкен жетілік” (G7) бекіткен ресейлік мұнай бағасының жоғарғы шегін бақылау. Алайда, бұл топта да АҚШ-тың белсенділігі күрт төмендеген.

АҚШ бұл қадамды саналы түрде жасап отыр ма, әлде маман тапшылығына байланысты ма — әзірге белгісіз. Еуропалық сарапшылардың пікірінше, Ресейге қарсы санкциялар мәселесі Трамп әкімшілігі мен Еуропа басшылары арасындағы негізгі қайшылықтардың біріне айналып отыр.

Наверх