АҚШ билігі Ресей Федерациясына қарсы жаңа экономикалық санкциялар пакеті бойынша жұмысты аяқтады. Бұл туралы Reuters агенттігі үш америкалық шенеунік пен қосымша дереккөздерге сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаңа шектеу шаралары Ресейдің энергетика және банк секторларын қамтуы мүмкін. Атап айтқанда, санкциялар "Газпром" энергетикалық алпауыты мен табиғи ресурстар саласындағы ірі кәсіпорындарға, сондай-ақ негізгі қаржы институттарына бағытталуы ықтимал.
Агенттіктің хабарлауынша, қазір бұл бастама АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесі (ҰҚК) деңгейінде келісілуде. Санкциялар пакеті президент Дональд Трамптың қол қоюына ұсынылады. Алайда Трамптың бұл шараларды мақұлдайтыны немесе жоқ екені әзірге белгісіз.
Президент басынан-ақ атысты толық әрі жан-жақты тоқтатуға қол жеткізуге бейілді екенін нақты айтты, - деп атап өтті ҰҚК өкілі Джеймс Хьюитт.
Сонымен қатар, ол қазіргі келіссөздерге қатысты егжей-тегжейлі ақпарат берілмейтінін жеткізді.