АҚШ Ресейге қарсы санкцияларды тағы ұзартты

13 Сәуір 2025, 09:18
936
Бөлісу:
АҚШ Ресейге қарсы санкцияларды тағы ұзартты

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қатысты санкциялардың мерзімін бір жылға созу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ТАСС АҚШ-тың Федералдық реестрінде жарияланған ресми құжатқа сілтеме жасап мәлімдеді.

Аталған санкциялар алғаш рет 2021 жылдың 15 сәуірінде сол кездегі президент Джо Байденнің бастамасымен қабылданған №14024 жарлық негізінде енгізілген болатын. Құжатта Ресейдің АҚШ-қа қарсы кибершабуылдары, сайлау процесіне араласуы, америкалық азаматтарға қауіп төндіруі және санкцияларды айналып өту әрекеттеріне қатысы бар делінген тұлғаларға қатысты шектеу шаралары қарастырылған.

Сол уақыттан бері бұл жарлық бірнеше рет кеңейтіліп, қолдану мерзімі ұзартылып келген. 2025 жылы Дональд Трамп аталған санкцияларды күшінде қалдырып, олардың мерзімін тағы бір жылға ұзартуға шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы