Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ: Ресейдің шын ниеті жақында белгілі болады

5 Сәуір 2025, 12:10
1316
Бөлісу:
 depositphotos.com/CJHPhotography
Фото: depositphotos.com/CJHPhotography

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ресейді Украинадағы атысты тоқтату жөніндегі келіссөздерде шешім қабылдауға шақырды. Дональд Трамп «шексіз келіссөздер тұзағына түспейді», деді Рубио, деп хабарлайды BAQ.KZ The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Біз жақын арада Ресейдің бейбітшілікке шын ниеті бар жоғын түсінетін боламыз. Қақтығысқа қатысқан тарап бейбітшілікке ниетті болса, ол әскери әрекеттерді тоқтатып, ақылға қонымды талаптар қояды. Бұл талаптар ақылға қонымды болуы керек, қисынсыз шарттар емес, — деп атап өтті Марко Рубио.

Рубио, егер Ресей әскерлері Украинада жаңа шабуыл операциясын бастаса, онда «Ресейдің бейбітшілікке деген ниетінің жоқтығы айқын болады» деп айтты.

Мемлекеттік хатшының айтуынша, бұған дейін Ресей Украинада толықтай атысты тоқтату жөніндегі ұсынысынан бас тартқан болатын. Ол АҚШ Конгресі Мәскеуге қарсы қосымша санкциялар енгізу туралы заң жобасы бойынша жұмыс істеп жатқанын айтты және Вашингтонның қысымын арттыратынын атап өтті.

Сондай-ақ, АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы аптада Путинмен телефон арқылы сөйлесуді жоспарлап отыр. Алайда, Трамптың жақын серіктері оған Ресей президентіне тек Украинадағы атысты толық тоқтатқаннан кейін ғана қоңырау шалуды ұсынғаны хабарланды.

Өзгелердің жаңалығы