Қазақстанның соңғы жаңалықтары

"АҚШ Ресейді тыңдайды": Кремль өкілі Вашингтондағы келіссөз туралы не дейді?

11 Сәуір 2025, 18:43
1725
Бөлісу:
 © Reuters
Фото: © Reuters

Ресейдің Тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев Вашингтонда өткен келіссөздердің нәтижесіне қатысты пікір білдіріп, Дональд Трамп әкімшілігінің негізгі өкілдерімен жүздескенін жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, Америка тарапы Ресейдің көзқарасын ескеріп, екіжақты диалогты жалғастыруға дайын екенін байқатқан.

 Біз АҚШ-тың қазіргі саяси бағытына зер сала отырып, Трамп әкімшілігінің ұстанымы Байден басқарған кезеңдегіден мүлде өзгеше екенін анық аңғардық. Олар мәселелерді шешуге мүдделі, әріптестікке ашық. Ресейге қатысты көзқарасы құрметке негізделген, біздің ұстанымымызға құлақ асып, сан түрлі сауал қойып, ортақ шешім іздеуге ұмтылады. Бұл – алға жетелейтін, жасампаз рухтың көрінісі, - деді Дмитриев журналистерге берген сұхбатында.

Ол нақты қай шенеуніктермен кездесу өткізгенін атаған жоқ. Дегенмен, бейресми деректерге сүйенсек, ресейлік өкіл АҚШ-тың арнайы уәкілі Стив Уиткоффпен келіссөз жүргізген.

Келіссөздердегі басты тақырыптардың бірі — Ресей мен Америка арасындағы қарым-қатынасты қалпына келтіру болған.

Президент Трамптың әкімшілігі екіжақты қатынастарға байланысты барлық мәселені шешуге ұмтылып отыр. Олар геосаяси түйткілдерге де салмақты қарайды, әрі Ресейдің ұстанымын санатқа алып отырғаны сөзсіз, - деп түйіндеді сөзін Дмитриев.

Өзгелердің жаңалығы