АҚШ Ресей мұнайына санкцияларды уақытша алып тастады

Бұл шешім әлемдік энергия нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету және мұнай бағасын төмен деңгейде ұстау мақсатында қабылданған.

 pixabay Бүгiн 2026, 07:14
Бүгiн 2026, 07:14
138
Фото: pixabay

АҚШ Қаржы министрлігі Ресейден 12 наурызға дейін кемелерге тиелген мұнай мен мұнай өнімдерін сатуға санкцияларды уақытша алып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл шешім шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) жариялаған Бас лицензия аясында 11 сәуірге дейін қолданылады.

Лицензияға сәйкес, кез келген кемеге тиелген Ресей Федерациясынан шыққан шикі мұнайды немесе мұнай өнімдерін сату, жеткізу немесе түсіру операциялары 12 наурыздағы 12:01-ге дейін (АҚШ шығыс жағалау уақыты бойынша) жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай операцияларға 11 сәуірдегі 12:01-ге дейін рұқсат етіледі.

Американдық Қаржы министрі Скотт Бессенттің айтуынша, бұл шешім әлемдік энергия нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету және мұнай бағасын төмен деңгейде ұстау мақсатында қабылданған. Ол атап өткендей, АҚШ теңізде тұрған Ресей мұнайын сатып алу арқылы жеткізілім көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Бессент сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамптың әлемдік энергия нарықтарында тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін түбегейлі шаралар қабылдап жатқанын және бағаны ұстап тұруға бағытталған әрекеттерді жалғастырып отырғанын жеткізді.

Наверх