Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ қытайлық журналистерге жаңа визалық шектеулер енгізбек

30 Тамыз 2025, 03:40
695
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі қытайлық журналистер үшін визалық тәртіпті қатаңдатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жаңа ұсынысқа сәйкес, Қытайдан келген журналистерге тек 90 күндік виза беріліп, қажет болған жағдайда ғана мерзімі ұзартылатын болады. Салыстырмалы түрде, басқа елдердің БАҚ өкілдері үшін бұл мерзім 240 күнді құрайды. Осылайша, қазіргі қолданыстағы ереже – іссапар уақыты аяқталғанға дейін елде болуға мүмкіндік беретін тәртіп – күшін жояды.

Ұсыныс қоғамдық талқылауға шығарылып, 30 күн ішінде қаралады.

Айта кетейік, бұған дейін, сәуір айында АҚШ Қытай шенеуніктеріне визалық шектеулер енгізген еді. Вашингтонның бұл шешімі Бейжіңнің шетелдіктерді, соның ішінде журналистер мен дипломаттарды Тибетке кіргізуге шектеу қоюымен байланысты болды.

Өзгелердің жаңалығы