АҚШ вице-президенті Дж.Д. Вэнс NBC арнасына берген сұхбатында Вашингтон Қытайға Ресеймен сауда байланысы үшін қосымша импорттық баждар енгізбеуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінде Қытайға 54% деңгейінде баж салығы қолданылады. Бұл қытайлық тарапқа қарсы айтарлықтай үлкен санкциялар болып табылады, – деді Вэнс.
Оның айтуынша, АҚШ билігі әртүрлі деңгейде Пекинді Украинадағы дағдарысты реттеуге тартуға тырысқан.
Бұған дейін, тамыз айында АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан әкелінетін тауарларға жаңа баж енгізуді 90 күнге кейінге қалдыру туралы Жарлыққа қол қойған еді. Бұл шешім Швецияда өткен АҚШ пен Қытай өкілдері арасындағы сауда келіссөздерінің нәтижесіне байланысты қабылданғаны айтылды.