Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ Қытайды Тайваньға әскери қысымды тоқтатуға шақырды

Бүгiн, 02:34
150
Бөлісу:
 depositphotos
Фото: depositphotos

АҚШ әкімшілігі Қытайды Тайваньға қатысты әскери қысымды доғарып, сындарлы диалогқа көшуге үндеді. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, Қытайдың әскери әрекеттері мен Тайваньға және аймақ елдеріне бағытталған қатаң риторикасы өңірдегі шиеленісті негізсіз күшейтіп отыр. Осыған байланысты Вашингтон Бейжіңді ұстамдылық танытуға және күш көрсету саясатын тоқтатуға шақырады.

Мемлекеттік департамент Тайвань бұғазындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға ниетті екенін атап өтті. АҚШ күш қолдану немесе мәжбүрлеу арқылы статус-квоны біржақты өзгертуге қарсы екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, бір күн бұрын Қытайдың Халық-азаттық армиясы Тайвань маңындағы әуе және теңіз кеңістігінде «Әділет миссиясы – 2025» атты ауқымды әскери жаттығуларын аяқтаған. Оқу-жаттығу барысында жауынгерлік атыстар өткізіліп, аралдың негізгі порттарын қоршау әрекеттері пысықталған.

Тайвань 1949 жылдан бері өзін-өзі басқарып келеді. Пекин аралды Қытай Халық Республикасының ажырамас бөлігі деп санайды. АҚШ 1979 жылы ҚХР-мен дипломатиялық қатынас орнатқанымен, Тайбэймен бейресми байланысын сақтап отыр және Тайваньға қару-жарақ жеткізуді жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы