Қазақстанның соңғы жаңалықтары

АҚШ қысымына байланысты Венесуэла мұнай ұңғымаларын жауып жатыр

Бүгiн, 04:27
104
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Венесуэланың мемлекеттік мұнай компаниясы Petroleos de Venezuela АҚШ-тың экономикалық қысымына байланысты Ориноко белдеуіндегі мұнай ұңғымаларын жаба бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Bloomberg-ке сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, ұңғымаларды тоқтату 28 желтоқсанда басталған. Компания аймақтағы мұнай өндірісін кемінде 25%-ға қысқартып, тәулігіне 500 мың баррельге дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Бұл елдегі жалпы мұнай өндірісінің шамамен 15%-ын құрайды.

Bloomberg дерегінше, ұңғымаларды жабу – қайта іске қосу шығындарының жоғары болуы мен өндірістегі техникалық қиындықтарға байланысты қабылданған соңғы шара.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Венесуэлаға қарсы мұнай блокадасын күшейтетінін және венесуэлалық мұнай танкерлерін тәркілеу саясаты жалғасатынын мәлімдеген еді.

Өзгелердің жаңалығы