АҚШ-қа қазақстандық ұнның алғашқы партиясы жеткізілді

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның еншілес компаниясы KTZ Express Қазақстаннан Америка Құрама Штаттарына бидай ұнын алғашқы пилоттық контейнерлік тасымалдауды жүзеге асырды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 ҚТЖ баспасөз қызметі 24 Қыркүйек 2025, 21:48
24 Қыркүйек 2025, 21:48
619
Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның еншілес компаниясы KTZ Express Қазақстаннан Америка Құрама Штаттарына бидай ұнын алғашқы пилоттық контейнерлік тасымалдауды жүзеге асырды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы көлемі 50 тонна болатын Eurasian Legacy брендімен шығарылған ұн ("Компания Саламат" ЖШС) Қостанайдан Нью-Йорк қаласына жеткізілді.

Компанияның мәліметінше, алдағы уақытта ай сайынғы негізде жеткізілім көлемін едәуір арттыру жоспарланып отыр.

Наверх